Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
Ғани Бейсембаев: еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді: – былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен; – жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр; – мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған;