«Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты жетістіктер форумы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп – лицейі «Мектеп – оқушы – ата-ана» үштік одағын кіріктіре отырып «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты жетістіктер форумы өткізді. Мектебіміздің дарынды да талантты оқушылары марапатталды. Халықаралық, республикалық, олимпиадалар мен турнирлерде білімімен мыңды жыққан, ғылыми жарыстардың және өнер байқауларының жеңімпаздары мен өңіріміздің ғана емес, еліміздің намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен дарынды оқушыларымызды құрметтеу