04
ноябрь
2025
🏆 5 “С” сыныбының мақтанышы – Уалихан! 🏆
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нің 5 “С” сынып оқушысы Уалихан Ташкент шаһарында өткен AFL Kids халықаралық футбол жарысында ерекше өнер көрсетіп, Азияның 12 мықты командасы арасынан 1-орынды иеленді! 

Азияның «менмін» деген үздік ойыншыларымен сайысқа түсіп, үлкен ерлік пен намыс танытып, Кубокты
жеңіп келгені – барлығымыз үшін зор мақтаныш! 
Бұл жеңіс – еңбектің, тәртіптің және табандылықтың жемісі!
Уалиханның жетістігі мектеп ұжымы мен сыныптастары үшін үлкен шабыт, жас спортшыларға үлгі! 

Жарайсың, Уалихан!
