Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде 10 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған "Тілім менің —тірлігімнің айғағы" атты тіл және достық туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Іс-шара барысында оқушылар ана тіліміздің асыл қазынасын дәріптеп, жүрекпен сезініп, мәнерлеп оқудың әсем үлгісін көрсетті.Мәнерлеп оқуға 5,6,7-сынып оқушылары қатысып, мына оқушылар жүлделі орынға ие болды:

орын—Дәуірбай Мирас;

орын —Аралбай Гүлсезім;

орын —Бахтиярқызы Назира.
Бұл кеш – қазақ тілінің мәңгілік құндылық екенін тағы бір дәлелдеп, жас ұрпақтың бойына рухани қуат, ұлттық сана сіңірді.

