20
октябрь
2024
"Мектеп Парламенті" президенттігіне үміткерлердің өз кандитарурасын ұсыну жұмыстары
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде қазан айында өзін-өзі басқару ұйымы "Мектеп Парламенті" президенттігіне үміткерлердің өз кандитарурасын ұсыну жұмыстары болып өтті. Мақсаты: білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепте өзін-өзі басқару қызметіне тарту, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту,
жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу. Биылғы оқу жылында Президенттікке үміткер оқушылар: Мұхтархан Ердәулет, Өмірбек Назира, Салин Саламат, Тонирберген Жаннур, Тұрмахан Раяна.