ТАМЫЗ САММИТІ - 2024 » «IT Школа-лицей №80» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"IT Школа-лицей №80"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 77-47-86
Бухгалтерия
+7(7252) 77-47-86
Версия для
слабовидящих
» » ТАМЫЗ САММИТІ - 2024
22
август
2024

ТАМЫЗ САММИТІ - 2024

2024 жылдың 21 тамыз күні Астана қаласы Назарбаев Университетінің базасында жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуына орай «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» педагогтердің Тамыз саммиті өтті. Биылғы саммит бағдарламасы заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті білім беру процесіне біріктіруге бағытталған.Бұл интеграция оқыту мен оқуды жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Саммит барысында пленарлық отырыс өтіп, білім беру процесіне инновацияларды енгізу мәселелері талқыланды және білім беру саласын дамытудың жаңа векторлары айқындалды. Бұл іс-шараның ауқымдылығы бүкіл елдің білім беру қызметкерлерін біріктіруге мүмкіндік береді. 
Білім беру қызметкерлеріне арналған Саммитте озық педагогикалық қоғамдастық (халықаралық тәжірибені қоса алғанда) жаңа білім алуға мүмкіндік беретін тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ білім беру сапасы мен тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері қаралды. Аталған Саммитке Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінің директоры Абдишукурова Баян Қалдыбайқызы да қатысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив