02
ноябрь
2023
ПЕДКОНСИЛИУМ – АТА-АНАЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕР БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ
Шымкент қаласы IT Школа-лицей №80нде балаларға арналған І тоқсан қорытындысымен ата-аналар мен ұстаздар арасында педконсилиум болып өтті. Ата-аналар І тоқсан бойынша балаларының оқу үлгірімімен танысты. Белгілі бір пән бойынша сұрақтары бар ата-аналар өз балаларына сабақ беретін пән мұғалімдерімен жүздесіп, олардың білім деңгейі, әр жазба жұмысының нәтижелері мен тоқсан қорытындылары, мінез-құлқы туралы пікір алысты. Ұстаздар өз тарапынан алдына келген әр ата-ананың сұрақтарына жауап беріп, баласының сабаққа ынта-ықыласы, қызығушылығы, жауапкершілігі т.с.с. мәселелер туралы пікірлерін білдірді. Ата-аналар проблемалық мәселелері, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап тапты.
Екіжақты түсінушілікпен өткен педконсилиум оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру мақсатына құрылды. Ата-аналар ерекше формада ұйымдастырылған іс-шараға және мектеп басшысы Б.Қ.Абдишукуроваға ризашылықтарын білдіріп тарасты.Білім беру ұйымдарындақ ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.