Әдістеме - «№80 IT мектеп-лицейі» КММ http://80.shymkent-mektebi.kz/ ru Әдістеме - «№80 IT мектеп-лицейі» КММ DataLife Engine Ағылшын тілі семинары http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/401-aylshyn-tl-seminary.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/401-aylshyn-tl-seminary.html Тақырыбы: Generation Next: Motivating English Learners
Күні: 2025 жылғы 29 қазан
Өтетін орны: Шымкент қаласы, «IT School-Lyceum №80» КММ
«Generation Next: Motivating English Learners» атты семинар ағылшын тілі мұғалімдері мен педагогтар үшін тәжірибе алмасуға, бір-бірінен шабыт алуға және қазіргі заман оқушыларын ынталандырудың жаңа тәсілдерін талқылауға арналған жарқын алаңға айналды.
Іс-шараның ашылуында KazTEA президенті Татьяна Летяйкина мен TESh президенті Шолпан Муталиева ағылшын тілі білімін дамытудағы инновация мен мотивацияның маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында белсенді баяндамалар ұсынылды:
 • Татьяна Зайкова сыныптағы өзара әрекеттесудің шығармашылық түрлерін көрсетті;
 • Татьяна Летяйкина, KazTEA президенті, академиялық және кәсіби қарым-қатынасқа арналған цифрлық құралдардың тиімділігін таныстырды;
 • Зүлфия Сманова нақты және айқын мақсат қоюдың оқыту үдерісін түрлендіре алатынын айтты.
Семинар соңында өткен еркін пікірталас ынта мен сергектікке толы болды
]]>
Тақырыбы: Generation Next: Motivating English Learners

admin80 Tue, 04 Nov 2025 16:44:01 +0600
“Білім бастауы-бастауышта” атты бастауыш сынып онкүндігі http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/392-blm-bastauy-bastauyshta-atty-bastauysh-synyp-onkndg.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/392-blm-bastauy-bastauyshta-atty-bastauysh-synyp-onkndg.html Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде 06.10 – 15.10 күндер аралығында “Білім бастауы-бастауышта” атты бастауыш сынып онкүндігі  өтті.
Осы орайда 4 “К” және 4 “Н” сынып оқушылары арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты сыныптан тыс спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:Спортқа деген қызығушылықты арттыру,салауатты өмір салтын насихаттау,
бірлік пен достықты ұлықтау! 💪
Оқушылар белсенділік танытып,түрлі спорттық ойындар мен жарыстарға қатысып,өз шеберліктерін көрсетті.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 
✅ Ұйымдастырушылар: 
Ергешова Айжан
Курбанбаева Нүргүл
]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде 06.10 – 15.10 күндер аралығында “Білім бастауы-бастауышта” атты бастауыш сынып онкүндігі  өтті.
Осы орайда 4 “К” және 4 “Н” сынып оқушылары арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты сыныптан тыс спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:Спортқа деген қызығушылықты арттыру,салауатты өмір салтын насихаттау,
бірлік пен достықты ұлықтау! 💪
Оқушылар белсенділік танытып,түрлі спорттық ойындар мен жарыстарға қатысып,өз шеберліктерін көрсетті.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 
✅ Ұйымдастырушылар: 
Ергешова Айжан
Курбанбаева Нүргүл
]]>
admin80 Tue, 04 Nov 2025 16:34:40 +0600
📚 Ұлттық диктант – сауаттылық пен тіл мәдениетінің айғағы! 🇰🇿 http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/390--ltty-diktant-sauattyly-pen-tl-mdenietn-ajay-.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/390--ltty-diktant-sauattyly-pen-tl-mdenietn-ajay-.html Бүгін мектебімізде «Ұлттық диктант» жобасы аясында ұстаздар қауымы өз білімдері мен тіл шеберліктерін сынап, бірлесіп диктант жазды.
Бұл шара – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, сауатты жазуға баулуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
🖋️ Диктантқа қатысқан әр мұғалім өз үлгісімен оқушыларға тілге деген құрметтің, сауаттылықтың мәнін көрсетті.
Тіліміздің құдіретін сезініп, рухани бірлікке шақырған бұл бастама әр жүректе мақтаныш сезімін ұялатты.
]]>
Бүгін мектебімізде «Ұлттық диктант» жобасы аясында ұстаздар қауымы өз білімдері мен тіл шеберліктерін сынап, бірлесіп диктант жазды.
Бұл шара – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, сауатты жазуға баулуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
🖋️ Диктантқа қатысқан әр мұғалім өз үлгісімен оқушыларға тілге деген құрметтің, сауаттылықтың мәнін көрсетті.
Тіліміздің құдіретін сезініп, рухани бірлікке шақырған бұл бастама әр жүректе мақтаныш сезімін ұялатты.
]]>
admin80 Tue, 04 Nov 2025 16:32:06 +0600
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінде 13 қазан күні директор жанындағы кеңес өтті. http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/pedagogikaly-kees-hattamalary/379-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-80-t-mektep-licejnde-13-azan-kn-direktor-zhanynday-kees-tt.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/pedagogikaly-kees-hattamalary/379-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-80-t-mektep-licejnde-13-azan-kn-direktor-zhanynday-kees-tt.html Директор жанындағы кеңесте төмендегі мәселелер қаралды:
- Мектепішілік бақылау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету - Мектеп директоры Б.К.Абдишукурова сөз алды.  
- ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫ ҚҰРУ АЛГОРИТМІ: Пән мұғалімдеріне тарих пәні мұғалімі К.Абусамаева мен биология пәні мұғалімі С.Жунисбаева "Сабақ мақсаты деген не, оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру", "Нәтижелі сабақ кепілі-тиімді жоспарлау" бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
- Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, СУСН, тамақтануды цифрландыру бойынша жұмыстың барысын - әлеуметтік педагог М.Раимбаева
- Ғылыми жетекшілердің жұмыс жүргізу сапасы, ғылыми конкурстарға дайындық жоспарын іске асыру сапасының уақтылылығын айқындау, ОҒҚ жұмысының жүйелілігі мен тиімділігі, жоспардың, ОҒҚ жұмысы шеңберіндегі іс-шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау, жұмыс тиімділігін арттыру - ДОІЖО Н.У.Бердибекова 
- 2-11 сыныптардан кіріс тестін ұйымдастыру - ДОІЖО Н.У.Бердибекова 
- Әр ауысым бойынша сабақтарға талдау жүргізілді. Директор жанындағы кеңестің хаттамасы жазылды.
]]>
Директор жанындағы кеңесте төмендегі мәселелер қаралды:

admin80 Tue, 04 Nov 2025 16:21:00 +0600
📚БІЛІМ БАСТАУЫ-БАСТАУЫШТА http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/370-blm-bastauy-bastauyshta.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/370-blm-bastauy-bastauyshta.html 📝МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар апталығының  «Білім бастауы — бастауышта» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуына орай  «Менің атым Қожа» атты оқуға құштарлыққа бағытталған іс-шара болып өтті.
3-сыныптар арасында ұйымдастырылған бұл сайыс өте қызықты да мазмұнды өтті. Оқушылар жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтып, кейіпкерлерге еліктеп ән айтып, оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараны К.Айматова  мен К.Курбанова ұйымдастырды. 
🔰Шараның басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, әдебиетке қызықтыру, рухани дамуға шақыру болды.
Бұл сайыс арқылы оқушылар Қожаның бейнесі арқылы адалдық, тәртіп, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттердің маңызын түсініп, кітап әлеміне деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
]]>
📝МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА

admin80 Tue, 04 Nov 2025 16:10:06 +0600
🌟 "Бала Абайдан – дана Абайға дейін" 🌟 http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/367--bala-abajdan-dana-abaja-dejn-.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/367--bala-abajdan-dana-abaja-dejn-.html №80 мектеп-лицейінде Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндіктің жабылуына орай ұйымдастырылған "Бала Абайдан – дана Абайға дейін" атты тағылымды іс-шара көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның өмір жолын сахналық көрініс арқылы бейнелеп, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әсем әуенге толы әндер мен жүрекке жылы күйлер кештің көркін кіргізіп, көрермендерге рухани әсер сыйлады. 🎶📖
Бұл шара – Абайдың даналық әлеміне терең бойлап, ұлт руханиятының мәңгілік мұрасын дәріптеген игі бастама болды. Осындай мәні мен маңызы зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, әдебиетке, тілге деген құрметін арттыра түсті. 💫
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұстаздары мен ұйымдастырушылар Жасұзақова Қ. Есжан А,
. Онбаева И. Бақбергенова Б. Қаржауова А. Боранбай Қ. ұстаздарымызға өнерлі оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз! 💐
]]>
№80 мектеп-лицейінде Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндіктің жабылуына орай ұйымдастырылған "Бала Абайдан – дана Абайға дейін" атты тағылымды іс-шара көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның өмір жолын сахналық көрініс арқылы бейнелеп, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әсем әуенге толы әндер мен жүрекке жылы күйлер кештің көркін кіргізіп, көрермендерге рухани әсер сыйлады. 🎶📖
Бұл шара – Абайдың даналық әлеміне терең бойлап, ұлт руханиятының мәңгілік мұрасын дәріптеген игі бастама болды. Осындай мәні мен маңызы зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, әдебиетке, тілге деген құрметін арттыра түсті. 💫
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұстаздары мен ұйымдастырушылар Жасұзақова Қ. Есжан А,
. Онбаева И. Бақбергенова Б. Қаржауова А. Боранбай Қ. ұстаздарымызға өнерлі оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз! 💐
]]>
admin80 Tue, 04 Nov 2025 16:01:07 +0600
«Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/365-tl-ltty-zhany-halyty-azynasy-onkndg.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/365-tl-ltty-zhany-halyty-azynasy-onkndg.html №80 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің  22.09-03.10.2025 ж аралығындағы «Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі болып өтті.
Мақсаты: «Қазақ тілі мен әдебиетінің бай мұрасын дәріптеу арқылы оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру. Ана тілін қастерлеу мен құрметтеу сезімін ояту, көркем сөз өнерінің құдіретін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлт болашағы – тілдің сақталуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу»
26.9.2025 күні 9ХБ 3 сыныбына Қазақ тілі пәні мұғалімі Тоичибекова Динара
“Төле би «Ердің бақыты – әйел» шешендік сөзі
тақырыбында ашық сабақ өтті.
]]>
№80 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің  22.09-03.10.2025 ж аралығындағы «Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі болып өтті.
Мақсаты: «Қазақ тілі мен әдебиетінің бай мұрасын дәріптеу арқылы оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру. Ана тілін қастерлеу мен құрметтеу сезімін ояту, көркем сөз өнерінің құдіретін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлт болашағы – тілдің сақталуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу»
26.9.2025 күні 9ХБ 3 сыныбына Қазақ тілі пәні мұғалімі Тоичибекова Динара
“Төле би «Ердің бақыты – әйел» шешендік сөзі
тақырыбында ашық сабақ өтті.
]]>
admin80 Tue, 04 Nov 2025 15:58:57 +0600
📚✨ Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы ✨📚 http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/351--tl-ltty-zhany-halyty-azynasy-.html http://80.shymkent-mektebi.kz/dsteme/dstemelk-s-sharalar/351--tl-ltty-zhany-halyty-azynasy-.html №80 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен онкүндіктің ашылу салтанаты қызықты да мазмұнды өтті. 🇰🇿
🔹 Мұғалімдер мен оқушылар түрлі ойындарға қатысып, сыйлықтарға ие болды. 🎁
🔹 Кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оқушыларға білім мен өнердің асыл қазынасына қол жеткізуге мүмкіндік берілді. 📖✨
Бұл шара қатысушылардың көңілін көтеріп қана қоймай, тілдің құдіретін сезінуге, рухани байлығымызды дәріптеуге жол ашты.
🕊️ Тіліміз – халқымыздың жүрегі, ұрпаққа қалған қазына!
]]>
№80 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен онкүндіктің ашылу салтанаты қызықты да мазмұнды өтті. 🇰🇿
🔹 Мұғалімдер мен оқушылар түрлі ойындарға қатысып, сыйлықтарға ие болды. 🎁
🔹 Кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оқушыларға білім мен өнердің асыл қазынасына қол жеткізуге мүмкіндік берілді. 📖✨
Бұл шара қатысушылардың көңілін көтеріп қана қоймай, тілдің құдіретін сезінуге, рухани байлығымызды дәріптеуге жол ашты.
🕊️ Тіліміз – халқымыздың жүрегі, ұрпаққа қалған қазына!
]]>
admin80 Tue, 04 Nov 2025 15:39:52 +0600
“ТОҒЫЗ АЙҒА — 9 ІС-ШАРА” жобасы. “АСЫҚ АТУ” және “БЕС ТАБАН” ойындары. http://80.shymkent-mektebi.kz/main/94-toyz-aja-9-s-shara-zhobasy-asy-atu-zhne-bes-taban-ojyndary.html http://80.shymkent-mektebi.kz/main/94-toyz-aja-9-s-shara-zhobasy-asy-atu-zhne-bes-taban-ojyndary.html
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты N80 ІТ мектеп-лицейінде  “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеп, халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі “АСЫҚ АТУ”, “БЕС ТАБАН” ойындарының  тәрбиелік мәнін оқушыларға ұғындыру мақсатында  ұлттық ойындар челленджі өткізілді. 
Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. 
«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. 
Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған»,
#Біртұтас_тәрбие
#асықату
#мояродинаказахстан
#меніңотанымқазақстан
#меніңелім
#Ұлттық_мектеп_лигасы
#ganibeisembayev
#ШерРаиса
#medetbekovameruert
#Біртұтас_тәрбие 
#oqu_agartu_ministrligi
#өзінөзібасқару
#Школьное_самоуправление
#РУМЦДО_РУ
#Нургуль_Шамшиева 
#Meruert_Medetbekova 
#Шымкентқаласыәдістемелік_орталығы
#shymkenttarbye
#Оқуғақұштармектеп
#Қосымшабілімберукәсібибаулужәнеэстетикалықтәрбиебөлімі 
#РУМЦДОМОНРК
#Білімбасқармасы
#Қосымшабілімберуорталығы
#ГулнарАхметбекова

https://www.facebook.com/100030666101012/videos/3584415548541755​​​]]>
admin80 Fri, 17 Nov 2023 18:25:12 +0600
"Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" http://80.shymkent-mektebi.kz/main/95-ybzushyly-zhne-zorly-zombylysyz-balaly-sha.html http://80.shymkent-mektebi.kz/main/95-ybzushyly-zhne-zorly-zombylysyz-balaly-sha.html
"Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 
N80 IT мектеп-лицейінде 15 қараша күні "Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 7-сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыс инспектор Т.Әбдіжаппар басшылығында өтті. Жиналыс барысында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, жол ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас, мектеп формасы, смартфон телефон қолдану, қауіпсіздік ережелері, түнгі уақытта жүруге тиым салынатындығы, ақша жинау, бопсалау мәселелері туралы айтылды. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

#80_мектеп
#шымкент_қаласы_білім_басқармасы
#шымкент_қаласы_әдістемелік_орталығы
#шымкент_тәрбие_бөлімі
#шымкент_құқықбұзушылық_жоқ
#shymkenttarbyе
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev

admin80 Thu, 16 Nov 2023 18:38:44 +0600